Apple дүйсенбіде (28 қазан) iOS 18.1 жаңартылған нұсқасын шығарды, бұнда жасанды интеллекті қамтитын Apple Intelligence орнатылған. Оны iPhone-ның қандай модельдерінде, қалай орнатуға болады? Біздің мақаладан оқыңыз.
Жасанды интеллект функциясын смартфонға тегін орнатуға болады. Біз түсіндіреміз
Apple Intelligence орнатылған соң смартфоныңызда осындай логотипті көресіз. Фото YouTube платформасынан алынды. Авторлығы: Stephen Robles каналы
1,800
оқылды

CNBC телеарнасының материалына сүйенген Aikyn.kz жасанды интеллект жүйесін iPhone-ға орнату тәсілі мен оның басты ерекшеліктерін талдайды.Қыркүйекте сатылымға шығарылған iPhone 16 смартфонынан кейін Apple Intelligence деп аталатын компанияның жасанды интеллекті тұтынушыларға ұсынылды. Жаңа ЖИ жүйесі iOS 18.1 жаңартуы арқылы смартфонға орнатуға болады. Apple Intelligence енгізілген жаңартулардың көмегімен iPad және Mac компьютерлеріне де ЖИ жүйесін орната аласыз.

Бұл шығарылым Apple үшін маңызды кезең болып саналады, өткен айда ғана ұсынылған iPhone 16 желісінің маркетингтік науқанына жаңа ЖИ жүйесі мықты серпін бермекші.

Жаңа жүйе Apple компаниясының технологиялық және қаржылық нарықтың ЖИ стратегиясы туралы сұрақтарына берген жауабы. Nvidia-ның миллиардтаған долларлар тұратын чиптерімен жұмыс істейтін, «бұлттық технологияларға» негізделген ЖИ жүйелерін қолданатын алпауыт бәсекелестеріне қарамай, Apple өзінің құрылғысына енгізілген ЖИ-ді таңдап, басқа жолды ұстанатынын көрсетті.Apple Intelligence мәтінді түзетеді, қайта жазады, фотосуреттерден нысандарды жояды және хабарландыру жиынтығын мазмұнына қарай бір мәтінге жинайды. Фото YouTube платформасынан алынды. Авторлығы: OwnGalaxy каналы

Apple Intelligence қызметі алғашқы кезде шектелген мүмкіндіктермен шығарылды. Apple Intelligence мүмкіндіктерінің бірінші толқыны мәтінді түзететін немесе қайта жаза алатын жазу құралдарын, фотосуреттерден нысандарды жоятын жаңа мүмкіндікті және хабарландыру жиынтығын мазмұнына қарай бір хабарға жинақтай алатын функцияны қамтиды.

Дүйсенбідегі шығарылым Siri-ге жақсартты, соның ішінде телефонның жиегін жарқыратып көрсететін жаңа көріністі қамтиды. Siri Apple өнімдері, соның ішінде ақауларды жою туралы сұрақтарға жауап бере алады және оның дауыстары табиғи естіледі.

Дегенмен жаңарту Siri-ге қолданбалар ішінде әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл келесі жылы басқа жаңартуда күтілуде. Сонымен қатар, iOS 18.2 бөлігі ретінде ChatGPT интеграциясы және кескіндерді жасау мүмкіндіктері бар тағы бір жаңарту осы жылдың соңында жоспарланған. Кейбір инвесторлар Apple Intelligence ауқымды жаңарту циклін жүргізіп, Apple-ді жетілдірілген жасанды интеллекті күнделікті қолдануда көшбасшы ретінде көрсете алады деп сенеді.

«Apple Intelligence кезең-кезеңімен іске қосылуын ескере отырып, біз iPhone сұранысы Apple Intelligence-тің қазан айының соңында алғашқы шығарылымнан кейін көтеріледі деп күтеміз», – деген болжам жасайды Bank of America Securities сарапшысы Вамси Мохан.

Siri-дің қызметі жақсарды, телефонның жиегін жарқыратып көрсететін жаңа көрініс бар. Фото novate.ru сайтынан алынды

Apple Intelligence-ті смартфонға қалай орнатамыз?

Apple Intelligence-ті орнатып, пайдалану үшін iPhone 15 Pro, iPhone 15 Pro Max немесе кез келген iPhone 16 моделі қажет. Қызмет негізінен iPhone чипін пайдаланады, сондықтан ол бұдан ескі телефондарда жұмыс істемейді.

Телефонда жасақтама iOS 18.1 болып жаңартылған соң «Баптау» (Настройки) қосымшасында Apple Intelligence қызметіне кіруді сұрау арқылы оны қосу керек. Бұл пайдаланушыларды күту тізіміне орналастырады. Apple күтудің қанша уақыт болатынын айтпады, бірақ жазда бета-тестілеу кезінде пайдаланушылар ЖИ қызметіне сол күні рұқсат алған еді.

Рұқсат алынған соң телефоныңыз Apple Intelligence-пен жұмыс істеу үшін қажет үлкен файлдарды (Apple AI үлгілерін) жүктеп алады.

Apple Intelligence бағдарламасына енгізілген ең айтарлықтай мүмкіндік – оның хабарландыруларды қорытындылау мүмкіндігі. Бұрынғы iPhone интерфейсіндегі әдеттегі хабарландырулар жиынтығының орнына Apple бүкіл жиынды бір хабарландыруға жинақтайды. Бұндай жаңашылдыққа үйренуге біршама уақыт қажет. Бірақ тақырыбы мен мазмұны ұқсас 15-20 ауа райы туралы, нарықтың көрсеткіштері туралы немесе топтық чаттағы ұзақ әңгімені ықшамдап сіз оңай түсінетін бірнеше сөйлемге сыйдырады. Бұл сіздің көп уақытыңызды үнемдейді.Apple-дің бас директоры Тим Кук Apple Intelligence-тің функцияларымен таныстыруда. Фото medium.com сайтынан алынды

iOS 18.1 жасақтамасын жүктеп алу алгоритмі 

Пайдаланушылар тез байқайтын тағы бір маңызды өзгеріс – экранның төменгі жағынан жоғары сырғыту арқылы қол жеткізуге болатын Siri жаңа мәтіндік интерфейсі. Бұл пайдаланушыларға Siri сұрақтарын дауыстап айтпай-ақ, мәтін түрінде жазуға болатын мүмкіндік береді.

Apple-дің жазу құралдары мәтінді енгізуге болатын операциялық жүйенің кез келген жерінде, соның ішінде Apple-ге тиесілі емес қолданбаларда пайда болады. Пайдаланушылар мәтіннің бөлімдерін бөлектеп, оны неғұрлым «достық», «кәсіби» немесе «қысқа» стильде қайта жаза алады. Дегенмен Apple жазу құралдары толық абзацтарды өздігінен терусіз жасамайды.

Жаңа бағдарламалық жасақтамада Apple компаниясының Mail және Photos қолданбаларында жаңартулар енгізілген. Фотосуреттер қолданбасында табиғи тілді түсінетін ақылды іздеу мүмкіндігі бар. Ол сондай-ақ пайдаланушының фотосуреттерінен қысқа фильмдер жасай алады.

iOS 18.1 жүктеп алу үшін Баптаулар (Настройки) > Негізгі (Основные) > Бағдарламалық құралды жаңарту (Обновление ПО) тармағына өтіңіз. Apple Intelligence күту тізіміне тіркелу үшін Баптаулар (Настройки) > Apple Intelligence және Siri > Apple күту тізіміне қосылу (Присоединиться к списку ожидания Apple) тармағына өтіңіз. Ақылды смартфонның жаңаша интеллектуалды дәуірі осылай басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.