Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov
639
оқылды

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады", – делінген полиция хабарламасында.

Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын. 

Боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды, кейіннен Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растады. 

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 2009 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін ол барлық 28 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Үйленген, балалары бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.