1 қарашада Қазақстанның батысында қатты жаңбыр жауып, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жел күшейеді деп күтілуде.
Елдің басым бөлігінде күн жылынады
888
оқылды

"Қазгидромет" 31 қазан мен 2 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде Атлантикалық циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

1 қарашада Қазақстанның батысында қатты жаңбыр жауып, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жел күшейеді деп күтілуде.

Күндіз ауа температурасы жоғарылайды: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.