Әншінің айтуынша, шығармашылық адамдарға еркіндік, кейде отбасынан демалып тұру керек.
“Күйеуім жалықса, қызыммен төркініме кетіп қаламын“: Мархаба Сәби отбасылық өмірі туралы айтты
Фото: видеодан алынды
5,389
оқылды

Танымал әнші, хит әндердің авторы әрі орындаушысы Мархаба Сәби "1001 түн" бағдарламасында отбасылық өмірі туралы сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, шығармашылық адамдарға еркіндік, кейде отбасынан демалып тұру керек.

"Махаббат сезімі лаулап тұрған ғашықтар бір-бірінен жалықпайды ғой. Ал отбасы болған соң бәрі басқаша. Кейде күйеуім менен шаршап кетсе, мен қызымды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жолдасымнан жалығып, шаршасам, күйеуім қызымды алып, басқа жаққа кетіп қалады. Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу", – дейді Мархаба Сәби. 

Композитор, ақын Мархаба Сәби осы күнге дейін 60-қа жуық ән жазған. Олардың көбі бірден танылып, хитке айналған. Қазір оның "Демалам" әні әлеуметтік желіде танымал болып үлгерді.

"Жолдасым – сыншым, қызым – музам деуге болады. Өнер адамын өнер адамы ғана түсінеді екен. Менің күйеуім де сазгер, домбырашы. Сондықтан мені үнемі қолдайды, кеңесін айтып отырады. Кез келген нәрсені бірге отырып талқылаймыз", – деді Мархаба Сәби. 

Сұхбат барысында өнер иесі арнайы тапсырыспен ән шығармайтынын, өлеңге сөз жазбайтынын айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.