Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады.
Қараша  айында ауа райы қандай болады?
6,346
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері қараша айына арналған ауа  райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қараша - қыс алдындағы ай. Синоптиктердің мәліметінше, жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.

Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз  0,-7°С дейін.

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:

  • республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;
  • оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.

Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде – нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.