Жоба бойынша мектепте 108 оқушы білім алмақ.
ҚПО БҚО-дағы Жарсуат ауылында шағын жинақты мектеп құрылысын сәтті аяқтады
Фото: Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.
276
оқылды

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы БҚО Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында шағын жинақты мектеп құрылысын сәтті аяқтап, оны пайдалануға бергенін хабарлады.

Объектінің ресми ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған Батыс Қазақстан облысының басшылығы, Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев және мердігерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев Жарсуат ауылы тұрғындары мен ашылу салтанатына келген қонақтарды жаңа мектеп құрылысының сәтті аяқталуымен құттықтап, барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа заманауи мектеп оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.  Бұл балалардың ауылда да, қалада да сапалы білім әрі тәрбие алу үшін тең жағдай жасау қажеттігін бірнеше рет атап өткен Қазақстан  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес келеді. 

Жаңа мектеп барлық заманауи талаптарға сай салынған және онда білім алуға барынша қолайлы жағдай жасалған. Жоба бойынша мектепте 108 оқушы білім алуға тиіс.  Мектеп ғимараты оқу корпусынан, сондай-ақ спорт және акт залы бар корпустан тұрады. Мектепте барлық қажетті оқу құрал-жабдықтары мен кабинеттер, оның ішінде акт залы, бөлек салынған жуыну және дәретханасы бар спортзалы, оқу кабинеттері, қазіргі заманға сай асхана мен әкімшілік бөлмелері бар.

Сондай-ақ жоба аясында шағын жинақты мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ШАФ орнатылды, сондай-ақ спорт алаңы мен жүгіру жолы жайластырылды. 

ӨБТК бойынша әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде КПО жыл сайын жергілікті билік органдарымен бірлесіп, көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.