Бүгінде отандық зымыранды ғарышқа шығару мәселесі жан-жақты пысықталып жатыр.
Қазақстан келесі жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырмақ
604
оқылды

Сенаттың жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан 2025 жылы ғарышқа зымыран ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр "Бәйтерек" Қазақстан зымыран кешенінің жұмысы қайта жанданғанын атап өтті.

- Бірінші "Союз-5" зымыран тасығышын ұшыру 2025 жылға жоспарланып отыр. Ал коммерциялық бағытта зымыран ұшыру 2028 жылға жоспарланған. Үш жыл бойы тестілеу режимінде зымырандар ұшырылады", - деді министр.

Мәдиевтің айтуынша, бүгінде отандық зымыранды ғарышқа шығару мәселесі жан-жақты пысықталып жатыр.

- Отандық зымыран тасығыш ғарышқа тәуелсіз жол ашу құралын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір зымыран тасығыштың компоненттері мен материалдарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Зымыранның қоспа отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға жоспарланған. Аса жеңіл зымыранды сынақтан өткізу 2030 жылға белгіленген, - деді Жаслан Мәдиев.