Блогер сымбатты ер адамдар тамақтану орындарына көңілдестерін ертіп келетінін жеткізді.
Көңілдесімен жүреді: белгілі блогер Алматының жігіттеріне қатысты көргенін айтты
770
оқылды

Әлеуметтік желіде белсенді блогер Динара Абдоллақызы Алматы қаласын көзге шөп салушылардың отаны деп атады. Бұл туралы Aikyn.kz жазады.

Ол мұндай жағдай өзін қатты таңғалдырғанын жасырмады.

«Изменаның» отаны – Алматы. Мысалы, мен Қызылордада жүрген кезде мектепте жұмыс істедім. Ол кезде «любовница», «лево, направо» қыдыратын еркектерді көрген жоқпын. Ондай ортада болмадым. Ал Алматыға келіп, тамақтану орындарында жұмыс істедім. Еркектерге қарайсың ғой, сымбатты екен, үйленбеген сияқты деп жүретінмін. Сөйтсем, бір күні әйелімен келеді. Бала-шағасы бар, Динара тоқтат өзіңді деп жүре беретінмін.

Екінші келгенде «любовницасымен» жүреді. Сол кезде мен таңғалдым. Алматының жігіттері әйелдеріне «изменять» ете ме!? Әйеліне қарасам, әдемі. Бірақ жап-жас, фигурасы 90-60-90 қыздармен келеді. Мен шок болдым. Мә, мыналар әдемі қыздармен жүре ме, бала-шағасы бар емес пе», – деді блогер.