Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
480
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғаны жөнінде хабарлаған едік.