Испанияға бір күнде жауған жауын-шашынның мөлшері бір жылдық нормаға жетті.
Испанияда алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 158-ге жетті
Фото: Douche Welle
1,396
оқылды

BBC арнасының мәліметінше, Испанияда болған алапат су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 158-ге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұндай тасқын елдt 1973 жылдан бері болмаған. Су тасқынына елдің кей аймақтарында болған нөсер жауын себеп болған.

«Қазір ең бастысы, мүмкіндігінше көп адамның өмірін құтқару», – деді Испания премьер-министрі Педро Санчес.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың басым бөлігі Валенсия автономдық қауымдастығында тіркелді, мұнда 155 адам көз жұмды. Сондай-ақ, Кастилия-Ла-Манча аймағында екі адам, ал Андалусияда бір адам су тасқыны салдарынан қайтыс болды. Бұған қоса, Валенсияның оңтүстік-батысында орналасқан Пайпорта муниципалитетінде өзен арнасынан асып, кем дегенде 40 адамның өлімі тіркелді.

Ресми органдардың өкілдері жоғалған адамдардың нақты санын ашып айтпағанымен, олардың санының көп екенін хабарлады.

Испанияға бір күнде жауған жауын-шашынның мөлшері бір жылдық нормаға жеткен.