Жақында ChatGPT-ге кеңейтілген дауыстық режим қосылды. Чат-ботпен сөйлескенде сіз шынайы өмірде ақылды адаммен сөйлесіп жатқандай боласыз.
ChatGPT-мен дауыстық режимде сөйлескенде, оны адам екен деп қаласыз
Жаңа ЖИ өнімдері компьютерді пайдалану мәдениетін де өзгертетіні анық. Фото overclockers.ru сайтынан алынды
838
оқылды

Aikyn.kz жаңадан қосылған ChatGPT-дің мүмкіндіктерін bgr.com сайтында жарияланған материалға сүйеніп талдайды.

ЖИ сіздің сұрақтарыңызды жақсы түсініп, дұрыс жауап беру үшін оның сөзін бөліп, қосымша түсініктеме беруге болады. Иллюстрация linkedin.com сайтынан алынды. Авторлығы: WRTeam.in аккаунты

Жаңарған ChatGPT (GPT-4o) дауыстық функциясы кәдімгі адамдардың арасындағы әңгімеге ұқсайды. Чат-бот екі адамның арасындағы қарапайым сөйлесулердің реңкін қайталайды. Сіз оның эмоцияға боялған әңгімесінен чат-ботты сезімі бар адам екен деп ойлауыңыз мүмкін.

Кеңейтілген дауыс режимінде ЖИ сіздің сұрақтарыңызды жақсырақ түсініп, жауап беруі үшін әңгімені сәл өзгертіп, оған қосымша түсініктеме беріп ChatGPT-дің сөзін бөле аласыз.

Advanced Voice Mode (жетілдірілген дауыс режимі) алғаш рет iPhone және Android құрылғыларында пайда болды. Бұл құрылғыларда дауыс режимі ChatGPT немесе басқа чат-боттармен әрекеттесу үшін қажет. Бірақ сарапшы мамандар Advanced Voice Mode  режимін сынап көргеннен кейін, ол GPT-4o-ге қол жеткізе алатын кез келген құрылғыда қолжетімді болуын маңызды санайды. Болашақта Advanced Voice Mode сияқты ЖИ өнімдері компьютерлерді пайдалану мәдениетін де өзгертетіні анық.

OpenAI де дәл осылай ойлайтын сияқты. Өйткені бұл компания Mac және Windows қолданбалары үшін Advanced Voice Mode режимін қолжетімді етті. Дәл осындай қолданбалармен жұмыс істейтін компьютерге бұл режимді орнатуға болады. Бірақ ChatGPT-дің жаңа функциясы веб-нұсқаны әлі қолдамайды.

Advanced Voice Mode  функциясы бірінші кезекте АҚШ және ЕуроОдақ елдерінде пайдалануға берілді. Фото tecknexus.com сайтынан алынды. Авторлығы: OpenAI

Алғаш рет мамыр айының басында жарияланған Advanced Voice Mode  функциясы ChatGPT Plus пайдаланушыларына бірнеше апта бұрын ғана таратыла бастады. Әзірше шығарылым АҚШ және ЕО нарықтарымен шектелген. Осы нарықтардағы ChatGPT Free пайдаланушылары да Advanced Voice Mode режимін пайдалана алады, бірақ ChatGPT ақылы пайдаланушылары жаңа режимнің қосылуын біраз күткен еді. Енді Еуропада жаңа кеңейтілген дауыс режимі қолжетімді болғандықтан, бұл мүмкіндікті Mac жүйесіне және Windows жүйесіне арналған жақында шыққан ChatGPT қолданбасына да тегін қосылады. Енді компьютерде басқа жұмыстарыңызды істеп отырып, чат-ботпен дауыстық режимде жылдамырақ әрекеттесетін боласыз.

Пайдаланушы iPhone-да да басқа жұмыстармен қатар, өзі қызықтыратын тақырып туралы ChatGPT-пен сөйлесіп, кеңестер ала алады.

Бұл ЖИ көмекшілері арнайы тапсырма берілсе компьютерді басқарады, нұсқауларды пайдаланушы табиғи тілде дауыспен жеткізеді. Чат-ботқа файлдарды жүктеп алуды, параметрлерді өзгертуді, веб-сайттарды ашуды және интернетте ақпараттар іздеуді тапсыруға болады.

Адамның сенімді көмекшісіне айналғаны туралы Aikyn.kz «AI агенті компьютеріңізді жаулап алса не болады?» атты мақала жариялаған еді. 

Advanced Voice Mode функциясын жұмыс компьютерінде қолдануда үлкен артықшылық бар. Иллюстрация theainavigator.com сайтынан алынды

ChatGPT (GPT-4o) чат-ботына кіріктірілген Advanced Voice Mode функциясы да осы тенденцияны жалғастырады. Өнімділік пен дәлдік әлі де алаңдаушылық туғызса да, оны жұмыс компьютерінде қолдануда үлкен артықшылық бар. Anthropic пен OpenAI-мен бірге олардың бәсекелестері де осындай мүмкіндіктерді ұсынуға құлшынып отыр.

Мұндай ЖИ жетістіктері сенім мәселелерін туғызғанымен, көпшілік пайдаланушылар ChatGPT немесе Gemini-ге компьютерлерін басқаруды сеніп тапсырар еді деп ойлаймыз.

Енді бұл басқа күннің оқиғасы. Siri де ChatGPT, Advanced Voice Mode, Claude модельдері сияқты жақын арада сапалы деңгейге жететін күн де алыс емес. Aikyn.kz iPhone смартфондарында да ақылды Apple Intelligence қызметі жақын күндері енгізілетінін мына мақалада жазған: «Жасанды интеллект функциясын смартфонға тегін орнатуға болады. Біз түсіндіреміз».

Advanced Voice Mode  функциясын Mac және Windows компьютерлерінде қосу үшін ChatGPT-дің соңғы жаңартуын жүктеп алу қажет. Жаңа дауыс режимін пайдалану үшін ChatGPT Plus ақылы жазылымы да керек емес. Бірақ тегін қолдануды таңдасаңыз, сіз жаңа функциямен айына бірнеше рет қана әрекеттесе аласыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.