Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты. Қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды.
Сингапурдегі әлем кубогында қазақстандық жүзушілер екі бірдей рекорд орнатты
Фото: olympic.kz
792
оқылды

Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы екі ұлттық рекорд орнатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты. Қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды. 

Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын 03:47.52 нәтижесімен жаңартты.

Сондай-ақ, Егор Попов ӘКМ финалында 200 метр қашықтықта шалқалап жүзуден бесінші нәтиже көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.