Қарулы күштердің цифрлық трансформациясы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиттік демалыстар беріледі.
10 мыңнан астам сарбаз кредиттік демалысқа жіберілді
Фото: Қорғаныс министрлігі
3,072
оқылды

Қарулы күштердің цифрлық трансформациясы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиттік демалыс беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ОКҚ алаңында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев атап өткендей, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылады және бірден кредиттік бюролардың сервистеріне жіберіледі. Кредиттердің бар-жоғын анықтағаннан кейін екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдар бұл деректерді 14 ай мерзімге кейінге қалдыру үшін алады. 

«Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам кредиттік демалыспен қамтылды. Жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам адамға кредит бойынша каникул берілді», – деді спикер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.