Айтуынша, кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш болған, жерге қонған бойда хабарлама келген.
«Шабуыл жасалды»: Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жайтқа тап болғанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
6,798
оқылды

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне шабуыл жасалғанын айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш болған, жерге қонған бойда хабарлама келген.

«10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инста парақшаңыз бұғатталды» деген хабарлама келді. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым. Біз үшін бұл қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе, соңғы уақытта. Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар. 

Шабуыл жасаушыларға ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталуда.

Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын.

Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды. Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.