Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады.
Қазақ-француз серіктестігі нығая түседі
735
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Фран­ция елшісін жаңа қызметімен құт­тық­тап, оның дипломатиялық миссия­сы екіжақты қатынастардың өте белсен­ді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр­ғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақ­тас­тықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыс­тардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.