Есептік қарқындылығы (балмен) 2 балл болды.
Алматы қаласынан 258 шақырым аумақта жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
785
оқылды

Алматыдан 258 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар мнистрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

«Сезілетіні туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балл болды: Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар). Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ»,  делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.