Оның айтуынша, әрбір театр жекеменшік болғаннан кейін, өзі күн көріп отыр.
«Қазіргі әзіл-сықақтың деңгейі төмен, сатирик жоқ»: актер Асылбек Боранбай жанайқайын жеткізді
Фото: instagram.com/boranbay_a
1,109
оқылды

Актер Асылбек Боранбай "1001 түн" бағдарламасында қазір әзіл-сықақтың деңгейі төмендеп, жазатын сатирик қалмағанын айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.   

Оның айтуынша, әрбір театр жекеменшік болғаннан кейін өзі күн көріп отыр.

"Елімізге бір мемлекеттік сатира театры керек. Қазіргі әзіл-сықақтың деңгейі төмен. Өйткені оны жазатын сатирик жоқ. Қоятын режиссер жоқ. Жекеменшік болған соң, өздері жазады, өзі ойнап, өзі қояды. Мұндай жерде сапа болмайды. Петросянның бір театрына 500-ден астам автор жазады екен, оны таңдап алады. Біздің сатириктер 10 саусаққа де жетпейді. Болашақта үлкен концерт қойғымыз келеді. Оған демеуші керек. "Тамашаны" қалпына келтіруіміз керек",  дейді Асылбек Боранбай. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.