Ақтық сында боксшымыз кубалық Давид Эспиноза Сантоямен жұдырықтасты.
Төрехан Сабырхан кубалық боксшыны жеңіп, әлем чемпионы атанды
Фото: ҚБФ
816
оқылды

Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (67 кг) финалда кубалық боксшыны жеңіп, чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ақтық сында боксшымыз кубалық Давид Эспиноза Сантоямен жұдырықтасты. 67 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Төрехан Сабырхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, чемпион атанды. 

Төрехан алғашқы жекпе-жегінде ауғанстандық Самир Хамдамды жеңсе, ширек финалда өзбек боксшысы Акбар Ахмадовтан басым түсті. Ал жартылай финалда қытайлық Хаошэн Чжанды сенімді түрде жеңіп, ақтық сынға жолдама алған еді. 

«Кубалық боксшыны бұған дейін де жеңген едім. Махмұд ағам сол жекпе-жекті көріп, осы жолы да сол әдісті қайталауым керек екенін айтып, «Саған сенемін» деді. Бұл – жастар арасындағы соңғы жарысым, енді ересектерге ауысамын», - деді Төрехан Сабырхан жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медалі. 

Қоржында тағы 10 қола медаль бар. Енді алты боксшы финалда өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.