Абай мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында екі көлік соқтығысты.
Оралда ірі жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды
300
оқылды

Оралда жантүршігерлік жол апатынан 63 жастағы әйел қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мой город" басылымы жазғандай, қайғылы оқиға 1 қарашада түскі уақытта болған.

 Алдын ала мәлімет бойынша, Renault Duster солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан Lixiang көлігіне жол бермеген. Жол апатынан бес адам зардап шекті - екі ересек адам Renault көлігінен және Lixiang көлігіне мінген үш бала.

"Екі ересек адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 1958 жылы туған ер адам хирургия бөліміне (травматология) жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті ем қабылдайды. 1961 жылы туған әйелге 3-4 дәрежелі травматикалық шок және геморрагиялық шок диагнозы қойылды. Кеуде және құрсақ қуысына ота жасалды. Ауыр жарақаттардан әйел көз жұмды. Патологиялық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан Денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ведомствоның мәліметінше, бес, екі және үш жастағы үш бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін оларға амбулаториялық ем тағайындалған.