Ол бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрғаны анықталды.
Ақтөбе облысында итті аяусыз пышақтап тастаған мектеп оқушысына қатысты тың дерек айтылды
Видеодан алынған кадр
740
оқылды

Аймақтағы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушысының ісі комиссияда қаралады. Психологтер баламен жұмыс істеп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іbusiness.kz жазғандай, итті пышақтап, аяусыз тепкен бала ісі қазір тергеуде. Ал облыстық Білім басқармасы баланы тәрбиелеу үшін бірнеше амалын қарастырып жатыр.

– Ол осыған дейін тәртібі, мінез-құлқына байланысты мектепішілік есепте тұрған бала. Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтер сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар  ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі, – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.