Қарағанды облысы тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеев ұсталды.
Іздеуде болған экс-полицей бір жылдан соң ұсталды
Фото: «Патриот» телеграм-каналы
2,656
оқылды

Қарағанды облысы тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеев ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ProКадры арнасы экс-полицейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

Анықталғандай, күдікті бір жылдан бері Қарағандыда өз үйінде тұрып келген. Ол майнингке арналған құрылғыны ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық істі тергеу аясында құрылғы заттай дәлелді сақтау қоймасына жіберілуі тиіс болған. Алайда Құлкеев құрылғыны өзіне алып қалған. 

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 18-бабы 4-бөлігі ("Ұрлық")  және 361-бабы ("Лауазымын асыра пайдалану") бойынша іс қозғалған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.