Төрехан спорттық мансабындағы бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген.
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды
821
оқылды

Төрехан Сабырхан – ең үздік боксшы. Черногорияда өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, ең үздік боксшыға берілетін сыйлықты қазақстандық спортшы иемденді,  деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Төрехан Сабырхан – Ұлттық құрама капитаны.  Ол 67 келі салмақта өнер көрсетті.

Айта кетейік, ол іріктеу кезеңдерінде Черногория, Ауғанстан, Өзбекстан және Қытай боксшыларын ұтты. Ал  финалда кубалық Дэвид Эспиносадан басым түсті. Төрехан алғаш рет әлем чемпионатына қатысып тұр. Бұған дейін 4 рет Азия чемпионатында бақ сынады және 4 дүркін жеңімпазы атанды.

Төрехан спорттық мансабындағы бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген. Ол қазір 18 жаста. Яғни, енді ересектер қатарына ауысып, жеңіс жолын жалғастыруға тырысады. Тіпті, оны алдағы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатынан да көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.