Қыз өлер алдында хат жазып кеткен.
"Хат жазып кеткен": Өскеменде 17 жастағы қыз суицид жасады
1,067
оқылды

Өскеменде 17 жастағы студент қыз өзіне қол жұмсап, көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, қыздың суицид жасауына жауапсыз махаббат себеп болған. Ол өлер алдында хат жазып кеткен.

- Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбейгені көңіл қынжылтады: 2024 жылы 22 оқиға тіркелген болса, былтыр 7 оқиға болды. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: отбасылық жанжалдар мен оқудағы қиындықтардан бастап, достарымен қарым-қатынастағы қиындықтарға дейін әсер етіп отыр. Оның үстіне, жасөспірімдер көбіне өздеріне зиян тигізгісі келмесе де, бопсалау мақсатында да суицидке әрекеттенеді, - деді департамент өкілдері.