11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберді.