Жәбірленуші Әнару Құрманалиеваның адвокатының айтуынша, қылмыстық істің қысқартылғаны туралы қаулы жарты ай бойы берілмеген.
Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды
Фото: ©іnstagram.com/zhankoshturarov
577
оқылды

Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жәбірленуші Әнару Құрманалиеваның адвокатының айтуынша, қылмыстық істің қысқартылғаны туралы қаулы жарты ай бойы берілмеген. 

"Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылыпты. Келесі апта тергеу қайта басталады деп хабарлады. Бірақ алдыңғы заңсыз шығарылған қаулыны (қысқартылғаны туралы) әлі алған жоқпыз. Жарты айдан астам уақыт өтті.
Бас прокуратураға жазылған шағымның, әлеуметтік желідегі, БАҚ-та жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, Әділетті Қазақстанға сенім оятатын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық.

Сонда да қайтадан “крышаларын”, депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы заңдылық. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды”, – деді адвокат.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.