Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралатын болды.
Тергеу қайта басталады: Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраровқа қатысты істің мән-жайын айтты
Ләззат Ахатованың парақшасынан
2,172
оқылды

Бұл туралы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылыпты. Келесі апта тергеу қайта басталады деп хабарлады. Бірақ алдыңғы заңсыз шығарылған қаулыны (қысқартылғаны туралы) әлі алған жоқпыз.(!) Жарты айдан астам уақыт өтті.

Бас прокуратураға жазылған шағымның, әлеуметтік желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға деген сенім оятатын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық», – делінген адвокат жариялаған жазбада.