Қазақстандық делегация құрамында болған әнші Димаш Құдайберген 5 қарашада Елисей сарайында өнер көрсеткен.
«Ерекше дауысыңыз үшін рақмет»: Францияның бұрынғы президентінің жұбайы Димаштың талантына тәнті болды
Фото: kursiv.media
759
оқылды

Әнші Димаш Құдайберген Францияға барған сапарында ән орындап, кеш қонақтарын өнерімен тәнті қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстандық делегация құрамында болған әнші Димаш Құдайберген 5 қарашада Елисей сарайында өнер көрсеткен. Қазақстанның Халық әртісі көпке белгілі "SOS d’un terrien en détresse" композициясын француз тілінде орындады. Сонымен қатар қазақ тілінде халық әні "Дайдидауды" шырқады. 

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің әйелі Карла Бруни Димаштың талантына тәнті болды. Ол Instagram-дағы парақшасында Димаш Құдайбергеннің дауысы ерекше екенін жазған.

"Кеше қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақыты бұйырғаны үшін қуаныштымын. Кейбір дауыстар бізді жер шарынан алысқа ұшырып, жұмаққа екі қадам жерге дейін жетелейді. Бар болғаныңыз үшін рақмет, Димаш! Зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз, ерекше дауысыңыз, қарапайымдылығыңыз бен мейірімділігіңіз үшін алғыс", - деп жазды Карла Бруни. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Carla Bruni (@carlabruniofficial)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.