Енді азаматтар бірнеше сағат кезекте тұрмайтын болады.
Елімізде тағы бір құжат цифрлық форматқа ауыстырылды
636
оқылды

Елімізде тағы бір медициналық құжат цифрлық форматқа ауыcтырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Вице-министрдің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап санитарлық сертификат тек электронды түрде берілетін болады.

–  Медицина саласында көптеген медициналық анықтама  мен құжат  бар. Осыған байланысты азаматтар клиникаларда бірнеше сағат бойы кезекте тұруға көп уақыт жұмсауға мәжбүр. Сондықтан бұл құжаттарды цифрландыру өте маңызды, –  деді  вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.