Оралда оқушыны зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандар да бар
Оралда оқушыны зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандар да бар
Фото: Интернеттен алынды
195
оқылды
Оралда 9-сыныпта оқитын қызды зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандардың да бар екені белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергеліп жатыр, – деп хабарлайды AstanaTV.  Телеарна хабарлауынша, жәбірленушінің анасы 9 наурызда құзырлы орындарға арыз түсірген. Тергеу жүріп жатыр. «Осы арыз негізінде көрсетілген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық қажетті алғашқы тергеу амалдары орындалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді БҚО полиция департаменті тергеу бөлімінің басышысы Шералы Абдрахманов. Полиция мәліметінше, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Оқиға да сол жерде болған. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тексеруге алыпты. Ал қалалық білім бөлімі ата-аналарды жинап жиналыс өткізген. Тергеу барысында оқушыны зорлағандар арасында кәмелет жасына толғандар да бар екені анықталған. Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс болып саналып, күдіктілер 12-17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Біз бұған дейін Оралда мерекеде оқушының зорланғанын жазған болатынбыз.