Кездесуді Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрайымы Жұлдыз Сүлейменова жүргізе отырып, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Денсаулық министрлігі тарапынан шалғай ауыл-аймақтағы медицина саласында қордаланған мәселелердің қаншалықты қарастырылғанын талқыға салды.
– Бүгінгі күні тәртіп бойынша екі мәселені көтеріп отырмыз. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің жай-күйі, олардың мәселелері жан-жақты талқыланбақ. Ауыл тұрғындарының медициналық қызмет көрсетуі, оларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және жас медицина қызметкерлеріне көтерме жәрдемақыларды арттыру мәселелері қозғалады. Екінші мәселе – медициналық білім мен ғылымды дамыту жолдары. Үкімет тарапынан жыл сайын қомақты қаржы жұмсалып жатыр. Соған сай нәтиже көріп жатқанымыз жоқ. Осыған байланысты қоғам ішінде сұрақ көп туындады. Осыны егжей-тегжейлі талқыласақ. Үшіншіден, Ақтөбе облысы мен Павлодар облысынан ата-аналар онлайн қабылдауыма қатысып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қажетті паллиативті көмекті бекіту мәселелері көтеріледі, – дейді Жұлдыз Сүлейменова.
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлының айтуынша, қазір ауылдық жерлерде адам саны 7,7 миллионнан асады. Бұл – халықтың 37,8 пайызы. Бүгінде ауылда медициналық көмек 5 мыңға жуық нысанға көрсетіледі. Оның ішінде 2 мыңнан астамы медициналық пункт, 855 фельдшер-акушерлік пункт, 1 000-ға жуық дәрігерлік амбулатория, 100 емхана мен 184 аурахана. Оның үстіне, ауылда денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын жақсарту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2021 жылдан бастап бүгінге дейін 348 нысан салынған екен.
– Бала өсімі жағынан Маңғыстау облысы 26,04 пайызбен көш бастаса, Қостанай облысы 11,58 пайызбен көш соңында тұр. Бұл көрсеткіш – 2024 жылдың соңғы сегіз айы. Негізі ауыл тұрғындарының арасында қан айналымынан қаза тапқандардың саны өскен. 2018 жылы тыныс алу жолдарының сырқатынан көз жұмғандардың саны 97,92 пайызға жетсе, бүгінгі 8 айда 76,3 пайызға тұрақтаған. Бұл дегеніміз – әлдеқайда түскенін көрсетеді, – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Вице-министр ел ішінде әлі де болса медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін сөз еттті. Оның сөзінше, әсіресе Ақмола облысында, Түркістан облысында, БҚО-да маманның аздығы байқалады. «Ең қажетті мамандықтар – терапевт, ЖПД, анестезиолог, хирург, психиатрлар», – дейді Тимур Сұлтанғазиев.
Сонымен қатар бүгінгі отырыста резидентура түлектерінің шәкіртақысын көтеріп, сынақ мерзімін қысқартуы қарастырылды. Оған қоса, вице-министр жыл басынан медициналық мекемелер резидентура түлектерін ресми түрде жұмысқа ала алады. Енді олар шәкіртақымен бірге жалақы да қолына алады.
Жиынға Қазақстан Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова және тағы басқа минстрліктердің өкілдері және онлайн форматта қоғам белсенділері қатысты.