Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында отандасымыз Темірлан Көлбай алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерлесіміз финалда +98 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Пуревдорж Дамдинсуреннен басым түсті.
Qazsport телеарнасының мәліметінше, әлем біріншілігінде 470 спортшы бақ сынауда. Ал ел намысын 28 спортшымыз қорғап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.