Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды – Қорғаныс министрлігі
235
оқылды

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы МИ-8 әскери тікұшағының құлауына байланысты ресми түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Биыл 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді”, – делінген ресми хабарламада.

Өкінішке қарай экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

“Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақау. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмысқа кірісті. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Ал марқұмның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілмек.