64 келіде өнер көрсеткен шешуші сында Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновтан соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды.
Есентай Иманханов самбодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
877
оқылды

Есентай Иманханов самбодан әлем чемпионатында алтын медаль алды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Есентай Иманханов (спорттық самбо) үздік шықты.

64 келіде өнер көрсеткен шешуші сында Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновтан соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды. 

Айта кетейік, кеше аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай алғашқы алтынды әперген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.