Кеше Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.
ҚазАвтоЖол үш облыста жол ашылғанын мәлімдеді
ҚазАвтоЖол
271
оқылды

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

  • 2024 жылғы 10 қарашада сағат 07.00-де Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
  • 2024 жылғы 10 қарашада сағат 07.00-де Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
  • 2024 жылғы 10 қарашада сағат 08.00-де Ақмола облысында «Астана-Петропавлск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
  • 2024 жылғы 10 қарашада сағат 08.00-де Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.