Бүгін оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып жатыр.
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берді
Ашық дереккөз
948
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарындағы кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, ал Абай, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақтан облыстарында қар күтіледі. Сондықтан жүргізушілер жолда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын назарға алуы керек, - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарлада.

 Қазақстандықтар 1403 нөміріне хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат ала алады.