Сабина Агажановамен қиян-кескі шайқас өткізіп, 7:4 есебімен басым түсті.
Нұрила Асанқызы – самбодан әлем чемпионы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,168
оқылды

Нұрила Асанқызы самбодан әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шешуші күнінде алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан әйелдер бәсекесінде Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо) топ жарды. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, +80 келідегі отандасымыз финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен қиян-кескі шайқас өткізіп, 7:4 есебімен басым түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.