Нұр-Сұлтанда Білім басқармасы балаларды балабақшаға әкелмеуге шақырды
Нұр-Сұлтанда Білім басқармасы балаларды балабақшаға әкелмеуге шақырды
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанындағы комиссия алдын алу шараларын күшейтуде. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мекемелерінде (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) вирустың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін оқушыларға демалыс жарияланды. Қосымша білім беру ұйымдары да (үйірмелер) демалыс уақытында жұмысын тоқтатады. Осы уақыт ішінде колледж студенттері қашықтықтан оқытылатын болады» делінген хабарламада. Қалалық басқарманың мәліметінше, балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса, балаларды үйде қалдыруға кеңес берді. «Балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!» делінген хабарламада. Кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалар каратинге жабылмайтынын  айтқан еді.