Оқиға Павлодар облысы Майқайың ауылында болған.
Өгей қызын зорлады деген күдікпен павлодарлық ер адам қамалды
474
оқылды

Павлодар қаласында жыныстық қорлық көрген жасөспірім қыз жергілікті ауруханаға жіберіліп, осы азғындықты жасаған болуы мүмкін делінген күдікпен оның өгей әкесін полиция қамауға алды, –деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған факті бойынша жергілікті полиция қылмыстық іс қозғады. 

«Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Павлодар облысының Полиция департаментінің ақпаратында. 

Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Ол сондай-ақ, өзінің талабы бойынша жасөспірімді ауруханаға жіберіп, онымен психологтар жұмыс істейтінін жеткізді.

«Мүмкін зорлық-зомбылық бірнеше рет болған шығар, әрине, балаға көмек пен тексеру қажет. Дәл осы кезеңде мектеп мұғалімі қыздың күйзелісіне назар аударғанын айта аламын. Нәтижесінде бала өз мәселесін ашық айтып берген», – дейді Сәуле Шәкенева. 

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл істі бақылауды жалғастырып, жәбірленушіге қажетті қолдау көрсететінін айтты.