Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Семейде ата-анасы үйге қамап кеткен балалар құтқарылды
526
оқылды

Абай облысының құтқарушылары балаларға көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға Семей қаласының көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалған.

– Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, бірнеше минут баланың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.