Республиканың көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Бірнеше облыста ауа райына байланысты  ескерту жарияланды
Фото: Объектив.kz
560
оқылды

"Қазгидромет"  синоптиктері 19 қарашада еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде түнде оңтүстікте, күндіз көктайғақ. Түнде және таңертең оңтүстікте және орталықта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Қызылорда облысының орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.