Депутат Екатерина Смышляева цифрлық гендерлік теңсіздік туралы айтты

Бұл жайында депутат Елордада өткен «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумында сөз етті.

– «AMANAT» партиясының орталық аппаратында 11-12 кеңес жұмыс істейді. Соның екеуін әйел депутаттар басқарады. Бүгінде осы кеңес отырыстары – эксперттердің пікіріне сүйене отырып, өмірлік мәселелерді шешуге атсалысатын үлкен аланға айналды. Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толды. Біреуге аз, біреуге көп көрінер. Десе де, мұндай бағытта жұмыс істейтін ұйымды уақытпен емес, істелген іспен өлшеу керек. Сондықтан біз, Әйелдер қанаты аз уақыттың ішінде он жылдың жұмысын істедік дегенді сеніммен айта аламын. Алдағы уақытта ұйымымыздың белсенділігі арта түседі деп сенемін. Біздің көтеріп жүрген мәселеміз алуан түрлі. Соның ішінде цифрландыру саласына назар салыңыздар. Қазақстанның цифрлық даму саласындағы тәжірибесі Орталық Азия мен посткеңестік кеңістікте қаншалықты екені белгілі. Міне, цифрландыру саласындағы жарыста бізді мазалап отырған мәселелер бар.

Біріншіден, сандық теңсіздік құбылысы. Өйткені бұл құбылыс біздің даму қарқынымыздың ізімен ілесіп, тең келе жатыр. Ал бұл дегеніміз –  сандық технологияға байланысты интернетке, құзыреттілікке және ақпарат алуға тең мүмкіндік берілмейді. Соның салдарынан шектеу қойылатыны сөзсіз. Оның бір ұшы қыз-келіншектерге тиеді. Сондықтан әйелдер үшін цифрлық теңсіздік өте маңызды. Соған қарай биыл цифрлық теңсіздікті төмендету бойынша заңдық тұрғыда бірқатар шаралар қабылданды. Мысалы, байланыс туралы заңды қарастырылып, 2024 жылдың мамырында қол қойылып, қабылданды. Заң аясында біз ауылдық елді мекендерде байланыс инфрақұрылымын дамыту шараларын ұсындық. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдік тарифі алғаш рет енгізілді, – деді Екатерина Смышляева.

Депутаттың айтуынша, электрондық үкімет платформасының дамуымен байланысты тағы біраз дүние өзгерген.

– Яғни, мемлекеттік қызметтерге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі тиді. Енді қашықтан алуға болатын қызметтердің тізімі кеңейе түсті. Тіпті, өтініш беру тәртібінсіз проактивті форматта алуға болатын қызметтер көбейді, – дейді депутат.