Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған.
Ерікті Перизат Қайратқа қатысты тағы бір тың дерек шықты
Фото: instagram.com/01pk
830
оқылды

Cу тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген Biz Birgemiz қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тағы бір дерек шықты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Stan.kz тілшісі Перизат Қайрат оқыған “Маңғыстау өнер колледжі” мен Эстрада-цирк колледжіне желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін хабарласқан. 

“Маңғыстау өнер колледжі” МКҚК Қасенғалиева Перизат Қайратқызының оқу орнына 2006-2007 оқу жылы “Хорда дирижерлік ету” мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданғанын мәлімдеді. Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне ауысып кеткен.

Алайда оның басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартты. 

Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған. 

Сондай-ақ Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжі Перизат Қайраттың оқудан шығып қалғанын растады.

“Колледж мұрағатынан Перизат Қайрат (Қасенғалиева) туралы келесі мәліметтер табылды. Қасенғалиева Перизат – 2008 жылы ақпан айының екінші жарты жылдығынан бастап, Маңғыстау өнер колледжінен ауысуына байланысты 1-курс “Жеке ән салу” бөліміне бюджеттік оқу түріне қабылданған. “Жеке ән салу” бөлімінің 2-курс студенті Қасенғалиева Перизат 2008 жыл қазан айының 24-нен бастап өз еркімен оқудан шығарылған. П.Қасенғалиеваға академиялық анықтама берілген”, – деп мәлімдеді колледждің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Перизат Қайратпен бірге бұрын бір колледжде оқыдым деген бейтаныс қыздың видеосы тараған болатын. Онда қыз Перизаттың телефон, камера ұрлап, аты шығып, оқудан қуылғанын айтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.