Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін айтты.
"Жолымыз екіге айырылды": Мақпал Исабекова құрбысы Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден
4,944
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова өнердегі әріптесі әрі жақын құрбысы болған Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін ашып айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін айтты.

"Диля екеуміз ешқашан ұрсысқан емеспіз. Өкінішке қарай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Оның маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады. Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді", – деп жазды Исабекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.