Әлеуметтік желілерде белсенді тұлға және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайраттың жалған сұхбаты жарияланды.
Перизат Қайраттың сұхбаты жарияланды: оның артында кім тұрғаны белгілі болды
Фото: dalanews.kz
1,991
оқылды

Әлеуметтік желілерде белсенді тұлға және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайраттың жалған сұхбаты жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

stopfake.kz хабарлауынша, онда ол ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыптарды жоққа шығарған екен. Бұл алаяқтар адамдарды алдау үшін қолданатын фейк сұхбат.

Посттың тақырыбы қызықты және онда Tengrinews.org қазақстандық «жаңалықтар сайтына» сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады. Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған.

Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі болып табылады. Мұндай алаяқтық туралы біз сайтымызда бірнеше рет ескерткен едік.

Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады. Олардың қулығына түсіп қалмаңыз: күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

Шындығында, белсендіге тағылған айыптар жоққа шығарылған жоқ, ал ақпараттың өзі алаяқтық схеманың бір бөлігі болып табылады. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректеріңіз бен ақшаңызды иемдену үшін сізді жалған сайтқа тарту.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.