Үкіметтің қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
Дмитрий Мун жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz
739
оқылды

Үкіметтің қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. 

1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген.  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы Астана қаласындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығында сарапшы болып бастаған. 

Әртүрлі жылдары «Қазпошта» АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары — Астана қаласы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.

2020-2023 жылдары — Астана қаласы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор. 

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.