«AMANAT» пар­тия­сының бастамасымен Же­тісу облысының ор­та­лығы Талдықорған қаласында ауыл әкім­дерінің басын бірік­тірген форум өтті.
Алғаш рет ауыл әкімдері форумы өтті
666
оқылды

Жиынның басты мақ­са­ты – мемлекет пен қоғам ал­дында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу. Бас­қосуға «AMANAT» партиясы орталық аппарат басшысы Мади Оспанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Ке­рімбек, Жетісу облысы әкі­мінің орынбасарлары Әлі­бек Жақанбаев және Диас Есдәулетов, басқарма бас­шылары мен облыстағы 113  ауылдық окургтің әкім­дері қатысты. Алғаш ұйым­дас­тырылған форум бары­сында партияның сай­лау­ал­ды бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әкімдерінің сайлауы және олардың атқаратын жұмы­сы­ның негізгі мәселелерін тал­қы­лауға арналған алаңға айналды.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақан­баев­тың айтуынша,  қо­ғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қам­тамасыз ету – әкімдердің бас­ты міндеті. 

«Облыс экономикасын одан әрі дамыту және халық­тың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бірлескен, тиімді жұмыстың арқасында облысымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе ала­тынымызға сенімдімін», – деді ол.

«AMANAT» партиясы­ның аппарат басшысы Мади Жарылқасынұлы жергілікті атқарушы биліктің жауап­кершілігі жоғары болуға тиіс екенін айта келе,  ауыл әкім­дері институтының нәтижесі табысты реформаның маңыз­ды міндеті болып та­былатынына баса мән берді.

«Ауыл әкімдерінің фо­румы қазіргі уақытта еліміз­дің барлық аймағында өтіп жатыр. Форумда айтылған ұсыныстар мен идеялар, тың бастамалар «AMANAT» пар­тия­сы атынан сайланған ауыл әкімдерінің табанды жұмысы мен кәсіби шебер­лігіне жаңа серпін береді деп есептеймін. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тіке­лей сайлау жүйесін енгізген­нен бері, жыл сайын елді мекен басшыларына қатыс­ты халық өз таңдауын жасап келеді. Өңірде 2021 жылдың шілдесінен бастап 113 ауыл әкімінің сайлауы өтті, оның ішінде партиядан ұсынылған 111 (98%) кандидат жеңіске жетті. Бұл – біздің бағдар­ламаларымыз бен бастама­ларымызға халық сенетінінің айқын дәлелі», – деді ап­парат басшысы. 

«AMANAT» партиясы елді мекендердегі кәсіпкер­лікті дамытуға, экономика­лық ахуалды арттыруға баса назар аударуда. Дәл осы мақсатта   форум барысында «Қарызсыз қоғам», «Құқық­тық көмек» жобаларының  және Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан іс-шара­лар мен жетістіктер талқы­ланды. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру масатында облыс орта­лы­ғын­да жобалық кеңсе ашы­лып, биылдың 5 ақпа­нынан бастап Жетісу облы­сы­ның барлық аудан, қала­ларында 7 300 адам оқы­­тыл­ды. Ал Же­тісу облы­сы бойынша биыл Жол кар­тада айқындалған 94 іс-шара­ның 24%-ы орын­далды. Атап айтар болсақ, биыл 349,3 мың шаршы метр тұр­ғын үй салуды жоспар­ланған, 8 айда 150,2 мың шар­шы метр немесе 43% тұрғын үй пайдалануға бе­рілді. Жыл соңына дейін 4 117 үй бері­ліп, тұрғын үй ке­зегі 14%-ға төмендейді. Облыста орта­лық­тандырыл­ған сумен қам­ту деңгейі – 91,1%. Облыстық деңгейдегі 182 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп, Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жол­дың 117 шақырымына ас­фальт төселді. 

«Халықтың партия мен атқарушы билікке деген сенімі сайлауалды уәделердің орындалуымен тікелей бай­ланысты. Оларды уақытылы және сапалы орындау – баршамыздың басты мінде­тіміз. Бүгінгі форумның ұйым­дастырылуы біз үшін өте маңызды. Шалғайдағы ауыл әкімдерінің жұмысына әртүрлі бағыттар бойынша әдістемелік қолдау әрдайым қажет», – деді Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұра­х­метов.  

Форум аясында панелдік сессиялар ұйымдастырылды. Онда ауыл әкімдері «AMANAT» партиясының Сай­лауалды бағдарламасын іске асыру,  партиялық жоба­ларды ілгерілету, қызметті кәсіби­лендіруге негізделген мемле­кеттік қызметтің жаңа прин­циптері мен қадам­дарын,  сы­байлас жемқор­лықтың алдын алу, мемле­кеттік са­тып алуды іске асыру, агро­өнеркәсіп кешеніндегі мем­лек­еттік қолдаудың қол­­же­тімді тетіктерін қалып­тастыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестиция тарту шаралары, қоғамдық-саяси ахуал және бұқарамен жұмыс істеу секілді түрлі бағыттарда арнайы маман­дардан дәріс алды.