Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге түсірді.
Алматыда жасөспірім тауға жалғыз шығып, адасып кеткен
ТЖМ
474
оқылды

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері тауда қалып қойған 2008 жылы туған жасөспірімді құтқарды,  деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше күндіз болған. 112 пультіне хабарласқан жасөспірім теңіз деңгейінен 3 100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына көтеріліп, өз бетінше төмен түсе алмай қалғанын хабарлады. Ол тауда жалғыз болған.

«Құтқарушылар баланың қозғалыс бағытын анықтап, іздеу жұмыстарына дереу кірісті. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге түсірді. Кейін ол Алматыға жеткізіліп, туыстарына табысталды»,  делінген хабарламада.

Құтқару барысында жасөспірімге барлық қажетті көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы жақсы.