Айтуынша, сыңары Айбек отбасын құрған.
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Фото: Сали Сабиров
1,520
оқылды

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйленуді жоспарлап жүргенін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Айтуынша, сыңары Айбек отбасын құрған. Ал өзі жары болатын қызды әлі жолықтырмапты.

«Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ»,  деді Нұрбек Оралбай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.