Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Ақтауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды
© Sputnik
333
оқылды

Ақтау қаласындағы 28А ықшамауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы алдымен әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның мәйіті 26 қараша күні табылған. Марқұмның нақты тұрғылықты жері жоқ адам екені белгілі болды.

"Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу тағайындалды", – деп полиция өкілдері.

Құзырлы ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.