Өнер иесі өмірінде қиын жағдай болғанын жасырмады.
«Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ кидім»: әнші Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
2,214
оқылды

Әнші Ерке Есмахан өткен өмірі туралы сыр шертті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі өмірінде қиын жағдай болғанын жасырмады.

“Бәрін қайтадан бастауым керек. Менің қолымнан келеді. Арманымдағы өмірге қол жеткіземін” деп өмір сүрдім. Әр қиындықтың бір жеңілдігі барына сендім. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, тамақты уақытылы ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз болдым", – деді Ерке Есмахан. 

Әнші жасы ұлғайған сайын ана атана алмай қаламын деген қорқынышпен өмір сүргенін мойындады.

“Тек Мүслімнің анасы болып қаламын ба?", "Тағы да ана боламын ба?", "Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?", "Мен шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездесе ме?" деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым", – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.